Атадан балаға жалғасқан дәстүр бойынша Амал мерекесі биылғы жылы ерекшелігімен келіп жетті. Мерекеге сай мектебімізде безендіру жұмыстары жүргізіліп, оқушыларымыз бен мұғалімдер жарасқан ұлттық нақыштағы киімдерін киіп келіп, бір бірімен қол алысып құрбы-құрдастар төс кағыстырып амал мерекесімен құттықтап мәре сәре болды. Үлкендер бата беріп, наурыз көже пісірілді. Амал мерекесі жоғары деңгейде атап өтілді.
Баршаңызды Амал мерекесімен құттықтаймыз! Жылдан жылға аман-есен жете берейік!