Тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес, тұңғыш Президент күніне арналған «Елі сүйген,Елін сүйген Елбасы» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті.Тәрбие сағат мақсаты: 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні мерекесінің мәнін ашу, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып - өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру,Елбасындай Отанын, халқын сүюге, нағыз азамат, шынайы патриот болуға тәрбиелеу,оқушылардың бойында Елбасына деген сүйіспеншілік, құрмет сезімін қалыптастыру. Тәрбие сағатын мектебіміздің тарих пәні мұғалімдері Айгерім Биманова мен Айнамкөз Тлеуова өткізді.Тәрбие сағатына мектебіміздің 5-11 сынып оқушылары түгел қатысты.Іс-шарамыз еліміздің гимнін орындаудан басталды.Тәрбие сағатында елбасының өмірбаяны, оқыған оқу орындары, еңбектері туралы мәліметтер берілді, елбасына арнау өлеңдер оқылды, әсем ән шырқалып, елбасын ұлықтау рәсімін жоғарғы сынып оқушылары сахналады.