Қайырын өзің көресің, — дейді қазақ xалқы. Қайырымдылық – ізгіліктің нақты көрінісі, адамның адамзат бойындағы асыл қасиеттің бір қасиет болып саналады. Қайырымдылық адамның өзгеге деген таза ниеті мен адамгершілік қарым-қатынасын көрсететін, Абай өсиет қылып қалдырған «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» деген даналыққа сай келетін әрекет.
«Қайырымдылық жасасаң,
Қазіргі таңда елімізде түрлі іс-шаралар мен акциялар, қайырымдылық қорлары арқылы қол ұшын созатын ізгі жандар көбейіп келеді. Қайырымдылық жасауға мемлекет тарапынан да көп көңіл бөлініп отыр. Жақсылық жасайтын жандар әрқашан және әркезде табылады. Осы орайда "Өзін-өзі басқару" ұйымы мектебіміздің 5-11 сынып оқушылары арасында “Тәтті жұма” атты қайырымдылық жәрмеңкесін ұйымдастырды. Жәрмеңкеде оқушылар өздері еңбектеніп, үйде пісірілген тәттілерді оқушылар мен мектеп ұстаздарына сатып, түскен қаржыны қайырымдылыққа жұмсады.
— Жәрмеңке өте жоғары деңгейде өтті. Балалардың көмек қолын созуға, қайырымдылық жасауға асыққандары біз үшін мақтаныш болды. Сынып жетекшілеріне және оқушыларға алғыс білдіреміз. Жақсылық жасауға асыға білтін шәкірттеріміз көп болсын !