Ауыл мектептерінің оқушылары үшін жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадасы өткен оқу жылында, яғни 2023-2024 оқу жылында басталған еді. Биыл да дәстүрлі түрде жалағасын тауып, 25.09.2024 күні мектебімізде олимпиаданың салтанатты ашылуы ұйымдастырылды. Салтанатты жиынға олимпиадаға қатысушы 9,10,11 сынып оқушылары, пән мұғалімдері қатысты. Мектептің бейін бойынша оқыту жөніндегі орынбасары Дүйсенбаева Ләззат Оралбайқызы олимпиадаға қатысушыларға сәттілік тіледі. Олимпиаданың негізгі мақсат, міндеттеріне тоқталды., олимпиада ержелерін түсіндіріп өтті.
Мектеп директорының оқу ісінің меңгерушісі Тукимова Динара Кенжегуловна оқушыларға білім додасында оза шауып, жүлдегер атануға күш жігерді салуға шақырды. Жиын соңы мектеп өнерпазы Ақберген Дінмұхамбеттің орындауындағы күмбірлеген күйімен өрнектелді.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша жүлдегер атанып жүрген биылғы мектеп түлегі Тұрлыбай Нұрас өз қатарластары мен барлық олимпиада қатысушыларына сәттілік тіледі.
Барлық олимпиадаға қатысушы оқушыларымызға сәттілік! Білімді де білікті шәкірттеріміз көп болсын!