«Құқықбұзушылықтың алдын алу»
26.09.2024 жыл күні тәрбие жұмысының жылдық іс –шаралар жоспарына сәйкес, құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында, «Құқықбұзушылықтың алдын алу» тақырыбында 8-11 сынып оқушыларымен жиналыс өткізілді.
26.09.2024 жыл күні тәрбие жұмысының жылдық іс –шаралар жоспарына сәйкес, құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында, «Құқықбұзушылықтың алдын алу» тақырыбында 8-11 сынып оқушыларымен жиналыс өткізілді. Жиналысқа Қарақия АПБ инспекторы полиция аға лейтенанты Т.Қ.Бермағамбетов қатысты. Директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.М.Рахматуллин күн тәртібіндегі мәселе бойынша мектептегі құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша жасалып жатқан жұмыстарға тоқталып өтті. Қарақия АПБ инспекторы полиция аға лейтенанты Т.Қ.Бермағамбетов аудан бойынша жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу бойынша жасалып жатқан жұмыстарға тоқталып, мектеп оқушыларына түсіндірме жұмыстарын жүргізді.Бүгінде ұялы телефоннан да жастардың психикасына кері әсерін беретін ойындардың көбейіп кеткендігі жайында айта келіп, осындай ойындардан барынша сақ болуға шақырды.
03.10.2024
0