2024-2025 оқу жылында ғылыми -әдістемелік жұмыстардың жылдық іс -шаралар жоспарына сай 16.10.2024 ж күні мектепішілік "Сабақтың тиімділігін қамтамасыз ететін әдістер және оқыту тәсілдері" тақырыбында семинар ұйымдастырылды. Семинарға ауыл мектептерінен( №6 ЖББМ, Құрық мектеп -гимназиясы) жас мамандар мен мектебіміздің мұғалімдері қатысты. Семинар бастауыш сыныптар бойынша математика және ағылшын тілі, орта буында қазақстан тарихы мен биология пәндері бойынша ашық сабақтармен бастау алды.
Ашық сабақ берген мұғалімдер: Косымбаева Орынша Лабақбайқызы, Кайбалдиева Бибігүл Ильдарқызы, Оңдасынов Алишер Бақытқалиұлы, Сағынова Камшат Бисенбайқызы.

Одан әрі, сабақтарда қолданылатын тиімді заманауи платформалар бойынша тәжірбиелермен бөлісті.
“Ұстаным өзгерісі. Мектеп имиджін көтеріп, брендті қалыптастыру” тақырыбында Дүйсенбаева Ләззат Оралбайқызы,
”Заманауи платформа, жасанды интеллектінің тиімділігі” бойынша, тарих пәнінің мұғалімі Тұрниязов Рамазан Қуатбайұлы, география пәнінің мұғалімі Бекдаулетова Жанаргүл Жалғасқызы, химия пәнінің мұғалімі Нургалиева Меруерт Сазанбайқызы сынды мамандарымызға мектеп әкімшілігі атынан алғыс білдіреміз. Мектеп психологі мен әлеуметтік педагогі Оразалиева Мөлдір Есетқызы мен Наурызова Айманай Нұртасқызы семинар қатысуышлары арасында тренинг өткізіп, мұғалімдердің көңіл- күйлерін көтеріп тастады. Семинар соңы дөңгелек үстелмен жалғасып, кері байланыс жасалды. Семинарды мектеп директорының уақытша міндетін атқарушы Туралиева Гүлмира Сабитқызы қорытындылап, жас мамандарға сәттілік тілеп, белсенділік танытқан мұғалімдерге аудандық оқу -әдістемелік орталығының арнайы сертификатын табыстады. Бұл семинардан ауыл мектептерінен келген жас мамандар біраз тәжірибе алды деген сенімдеміз.