“Теориядан тәжірибеге” жобасы аясында “Математика және өмір” зияткерлік сайысы өтті 2025 жылдың 19 ақпанында мектепішілік “Теориядан тәжірибеге” жобасы аясында “Математика және өмір” атты зияткерлік сайыс өтті. Сайысты математика пәні мұғалімі: Ж.Чаматаев жүргізді. Бұл сайыс оқушылардың математикалық ойлау қабілетін дамыту, логикалық есептерді шешу дағдыларын арттыру мақсатында ұйымдастырылды. Сайысқа 7А сыныбынан төрт оқушы және 7Ә сыныбынан бір оқушы қатысты. Қатысушылар әртүрлі күрделі есептерді шешіп, математикалық логика мен тапқырлықтарын көрсетті. Белсенді әрі тартысты өткен жарыстың нәтижесінде 7А сыныбы жеңіске жетіп, келесі кезеңге жолдама алды. Бұл зияткерлік сайыс оқушылардың білімін тәжірибеде қолдануға, командамен жұмыс істеуге және уақытты тиімді пайдалануға үйрететін маңызды шара болды. Келесі кезеңде 7А сыныбына сәттілік тілейміз!