Құқық бұзушылықтың алдын алу - басты міндет. Осыған орай мектебімізде 2025 жылдың 20 қаңтар күні 7-11 сыныптардың ер балаларына жасөспірімдерге қоғамдағы келеңсіз жайттардан сақтану, Азаматтық Кодекс туралы түсінік қалыптастыру, ішкі тәртіп талаптарын орындау мәселелері шеңберінде кездесу сағаты өтті. Бұл кездесуге Қарақия ауданы ПБ ЖПҚб ЮПТ КТіЖ УПИ полиция аға лейтенанты Г.Сұлба сондай-ақ директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, сынып жетекшілер қатысты. Қазіргі қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі- балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Аталмыш кездесуде жасөспірімдерге қоғамда, мектепте басқа да жерлерде өздерін қалай ұстау керектігі жөнінде сөз болды. «Ел болам десең ,бесігіңді түзе» дегендей дана халқымыз жеке тұлға болып қалыптасуда әрбір жасөспірімдер тәртібі мен тәрбиесіне мән беріп, бос уақытын тиімді пайдалана білсе, құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алуына көп септігін тигізе