24.02.2025ж.күні “Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы” жоспарына сай 1-4 сынып ата-аналарына "Баланы өзінің және басқа адамдардың сезімін түсінуге үйрету тәртібі” тақырыбында дәріс өткізілді. Дәріс барысында ата-аналарға баланың эмоциялық интеллектін дамыту және оның өз сезімдерін, сондай-ақ айналасындағы адамдардың эмоцияларын түсінуі туралы маңызды ақпарат берілді. Баламен эмоционалды қарым-қатынасты жақсарту, оның жан дүниесін түсіну және дұрыс бағыт беру тәсілдері талқыланды. Сонымен қатар, ата-аналарға баланың эмоционалды дамуын қолдау үшін қолданылатын практикалық әдістер ұсынылып, пікір алмасу ұйымдастырылды. Дәріс ата-аналар үшін пайдалы әрі танымдық сипатта өтті. Қатысушылар бала тәрбиесінде эмоциялық интеллекттің маңыздылығын түсініп, оны дамытудың тиімді әдістерімен танысты. #біртұтас_тәрбие