No1 ЖББМ” коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2024-2025 оқу жылы бойынша республикалық «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды.
No1 ЖББМ” коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2024-2025 оқу жылы бойынша республикалық «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Акцияның мақсаты әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың балаларына қолдау көрсету және әлеуметтік себептерге байланысты балалардың келмей қалу жағдайын болдырмау, оларға қолдау көрсету. Акцияны қолдап, мектебіміздің аз қамтылған, көп балалы, мүжәлсіз, толық емес отбасы балаларына көмек беру. Акцияға байланысты ауыл әкімшілігіне және мекемелерге сұраныс хаттар жолданды. Сондай-ақ жұмыс нәтижесінде "Құрық ауыл аппараты" 40мың теңге көлемінде 4 балаға сөмке, оқу - құралдары, Маңғыстау Мұнай Газ АҚҚ- ның демеушілігімен 125.000 теңге көлеміндегі қаражатқа 5 балаға сөмке , оқу- құралдары, Ойл Транспорт корпорейшн-нің демеушілігімен 100.000 көлемінде 5 балаға сөмке оқу құралдары, Қарақия аудандық жастар ресурстарының демеушілігімен 30.000 теңге көлемінде қаражатқа 2 балаға сөмке,оқу - құралдарын алып берді. Республикалық “Мектепке жол” акциясына демеушілік көрсеткен мекемелерге алғыс білдіреміз! Қайырымдылық бір кісідей жұмылып, атсалысқан азаматтар мен азаматшаларымыз көп болсын.