«Болашаққа оң қадам»
«Болашаққа оң қадам» атты бастауыш сынып онкүндігінің ашылу салтанаты өтті 26.01.2026ж күні мектебімізде бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін арттыру және шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында жоспарланған «Болашаққа оң қадам» атты онкүндіктің ашылу салтанаты өтті. Іс-шара барысында бастауыш бірлестік жетекшісі Төлесін Шынар Өзбекқызы онкүндік аясында өткізілетін іс-шаралардың мазмұны мен жоспарымен кеңінен таныстырды.
«Болашаққа оң қадам» атты бастауыш сынып онкүндігінің ашылу салтанаты өтті 26.01.2026ж күні мектебімізде бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін арттыру және шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында жоспарланған «Болашаққа оң қадам» атты онкүндіктің ашылу салтанаты өтті. Іс-шара барысында бастауыш бірлестік жетекшісі Төлесін Шынар Өзбекқызы онкүндік аясында өткізілетін іс-шаралардың мазмұны мен жоспарымен кеңінен таныстырды. Бірлестік жетекшісі өз сөзінде алдағы күндері өтетін ашық сабақтар, зияткерлік сайыстар мен шығармашылық байқаулардың маңыздылығына тоқталып, әріптестері мен оқушыларға онкүндікті жоғары деңгейде өткізуге сәттілік тіледі. Салтанатты шара аясында оқушылардың логикалық ойлау қабілетін ұштау мақсатында қызықты сұрақ-жауап ойындары ұйымдастырылды. Танымдық ойынға оқушылар белсене қатысып, логикалық тапсырмаларды шешуде зеректік танытты. Бұл онкүндік бастауыш сынып оқушыларының білімге деген құштарлығын арттырып, мектептегі оқу-тәрбие үдерісін жандандыра түспек.
28.01.2026
0