«Ой көкпар»
"Отпан" жобасы аясында мектептегі Командалық жоба жұмыстары бойынша тәжірибелік айлығы кезінде мектебімізде 28 -қараша күні «Ой көкпар» атты 8-сыныптар арасында зияткерлік сайыс өтті.
Сайысты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері: М. Чабаева мен Б. Тайыр жүргізді.

Сайыстың мақсаты: Оқушылар арасында ойын түрлерін пайдалана отырып, балаларды өздігімен жұмыс істей білуге, ой белсенділігі мен тіл байлығын арттыра түсуге түрлі әдістер мен шеберлікті меңгертуге қол жеткізу, сөйлеу дағдысын қалыптастыра отырып, пайдалы және өнімді әрекеттер жасауға баулу. Сайыс төмендегідей кезеңдердан тұратын шарттар арқылы өткізілді:
І. ЖАҢЫЛТПАШ
ІІ. Суреттер сөйлейді
ІІІ. «Тіл - өнер»
ІV. Жазушы
V. Кім тапқыр
Бұл бөлімдерде оқушыларға түрлі логикалық жұмбақтар мен тапсырмалар берілді. Олар ұтымды ойлау, тапқырлық көрсету арқылы сұрақтарға жауап беріп, өздерінің логикалық қабілеттерін дәлелдеді. Әр кезең бойынша қатысушылардың зейінін ашылып, шығармашылық пен ақыл-ой жұмысы талап етілді.
Іс-шара соңында оқушылар тілдің маңызы мен оның адам өміріндегі ерекше орнын жақсы түсініп, өздерін шығармашылық тұрғыдан көрсетуге мүмкіндіктер алды. Барлық қатысушылар белсенділік танытып, жақсы нәтижелер көрсетті.
Әділқазылардың әділ шешімімен І орынды -8 «Ә» сыныбы
ІІ орынды-8 «А» сынбы жеңіп алды, сайыс соңында оқушылар дипломдармен марапатталды.
11.12.2024
0