Оқушыларға адамгершілікке, отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Оларға патриоттық тәрбие беру. Оқушыларды Ұлы Отан соғысымен, қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып, ой-өрісін дамыту.Оқушыларды үлкен адамдарды сыйлай білуге,оларды қадірлеуге тәрбиелеу мақсатында. 05.05.23 ж. күні 6 «А» сынып оқушыларының қатысуымен тарих пәнінің мұғалімдері: А. Оңдасынов пен К. Ерқасым танымдық сағатын өткізді.
Оқушылар Ұлы Отан соғысына қатысқан Бауыржан Әлия, Мәншүк, Хиуаз сияқты батыр қыздарымыз бен ұлдарымыз жайлы маңызды ақпараттар алды. Танымдық сабақ өту барысында ең алдымен оқушыларға сабақ жоспары бойынша таныстырылым жүргізілді. Оқушылар бейнероликтен түсінгендерін ауызша жеткізіп. Жеңіс күніне байланысты құттықтау сөздер айтты. Сабақты бекіту барысында «Genialy» суға жүзу бағдарламасы бойынша қорытындыланды.