“Еңбек-бәрін де жеңбек“
“Еңбегі адал жасөрен” жобасы аясында “Еңбек-бәрін де жеңбек“ тақырыбында мектеп тәлімгері, Т. Айдынова 5,6 сынып оқушылары арасында зияткерлік ойын сайысын өткізді.
“Еңбегі адал жасөрен” жобасы аясында “Еңбек-бәрін де жеңбек “ тақырыбында мектеп тәлімгері, Т. Айдынова 5,6 сынып оқушылары арасында зияткерлік ойын сайысын өткізді.
Мақсаты: оқушыларды еңбекке баулу, түрлі мамандыққа қызығушылықтарын арттыру, еңбек туралы мақал-мәтелдер жаттау арқылы білімдерін кеңейту.
Аталған іс-шараға 3оқушыдан құралған 3 топ қатысты. Топ өздерін таныстыру барысында ұрандарын айтты. Еңбекке байланысты мақал-мәтелдердің жалғасын тауып,мән мағынасын ажыратты. Ары қарай мозайкалар арқылы мамандық иелерін тауып құрастырып, сол маман иелері жайлы әңгімелеп, еңбекке байланысты жұмбақтардың шешуін тапты.
Қорытындылай келе
Бас жүлдені 5 “А” сыныптан құралған “ Болашақ” тобы, 🥇орынды 5”А” сыныбынан құралған” Тәуелсіздік” , және 6 “А” сыныбынан құралған “Қыран” тобы иеленді.
25.09.2024
0