“Мектебім-мейірім мекені”
1-қыркүйек 2024 жылы “Мектебім-мейірім мекені” тақырыбында Білім күніне арналған іс-шара өтті .
Салтанатты іс –шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнімен басталды. Мектеп директорының міндетін атқарушы Д.К.Тукимова құттықтауын жеткізіп, мектеп табалдырығын алғаш атталғалы отырған 1- сынып оқушыларына жүрек жарды тілегін арнады. Республикалық «Отпан» жобасы аясында мектептің материалдық –техникалық базасы заман талабына сай жабдықталғалы отырғанын да атап өтті.

Одан ары қарай,салтанатты жиынның қонағы Қарақия АПБ ЖПҚб ЮПТ КТіЖ УПИ полиция аға лейтенанты Бермағамбетов Талғат Қосайұлы сөз сөйлеп, оқушылар мен ата –аналарды бүгінгі мерекемен құттықтады.
Мерекенің негізгі кейіпкелері 1- сынып оқушылары «Әліппе» биін билеп, мектеп әкімшілігі атынан сыйлықтар табысталды.Бөбек пен түлек болып, жүректі елжіретер күміс қоңырау салтанатты түрде қағылды. Мектеп табалдырығын аттап, білімге құштар бөбектерге, білім жолында талмас қанат, қажымас қайрат
тілейміз. Мереке құтты болсын!
02.09.2024
0