Меню KDT

logo.png?_=1680610948

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ҚАРАҚИЯ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ

«№1 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕП»

КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

  • kz
  • ru
  • Мектеп жетістіктері

    «Елін қорғау – ерге серт»

    Есте қаларлықтай керемет шара болды
    Тәуелсіздіктің көк туы желбіреген алғашқы жылдарда-ақ өз Қарулы Күштерімізді қалыптастырып, Отан қорғаушылар күнін белгілеп келеміз. Бұл күн – бүкіл еліміз бойынша патриоттық күндер десек, жаңылыспаспыз. Себебі екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңіс күні қатар келуі әскери патриоттық әндердің шеруіне ұласып, көңілді бір көтеріп тастайды.
    Осындай игі шара «№1 жалпы білім беретін орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Акт залында «Елін қорғау – ерге серт» деген атпен болып өтті.
    Салтанатты жиынға аудандық мәслихат хатшысы, Қалаубай Жанғабыл Бекмолдаұлы, Қарақия ауданының Құрметті азаматы, полковник Нысанбаев Бердібек Айтжанұлы, «Жыланды» шекара заставасының бастығы Қ. Кебекбаев, мектептің ардагер ұстаздары Сәуірбай Өтеев пен Садуақас Абдынасыров және Ақтау қаласындағы Ұлттық Ұлан әскери-музыкалық оркестрі ұжымы мен мектеп оқушылары, «Жыланды» шекара заставасының сарбаздары қатысты.
    Алдымен сөз алған ардагер ұстаз С. Абдынасыров жиынға қатысушыларды айтулы мерекелермен құттықтап, ежелден тіні үзілмей жалғасып келе жатқан ерлік дәстүріміздің бүгінгі күнге куәсі, осы мектептің түлегі, «Қызыл жұлдыз» орденінің иегері С. Алиевтың ерлігін тілге тиек ете отырып, жастарды осындай ағаларынан үлгі алуға шақырды.
    Одан кейін шығып сөйлеген аудандық мәслихат хатшысы Ж. Қалаубай бүгінгі жиынға қатысушыларды мерекелермен құттықтап, осындай игі шара ұйымдастырушыларға алғыс сезімін білдірді. Ал Қарақия ауданының Құрметті азаматы Б. Нысанбаев мектеп ұжымын және қатысушы қонақтарды мерекемен құттықтап, өз туған ауылы үшін Ақтау қаласындағы 0656 әскери бөлімшесінің әскери-музыкалық оркестрі ұжымын бірге алып келгенін айта отырып, мерекелік көңіл-күй тіледі.
    Осыдан соң Ақтау қаласындағы Ұлттық Ұлан әскери-музыкалық оркестрі дирижері Баяубаев Самат Қайыргелдіұлы сөз алып, қатысушыларды мерекемен құттықтады. Биылғы музыкалық сауаты бар мектеп түлектерін Ұлттық Ұлан әскери-музыкалық оркестрінің мүшесі болуға шақырды.
    Жиын соңында мектептің ардагер мұғалімі С. Өтеев шығып сөйлеп, көпшілікті мерекемен құттықтай отырып, Ақтау қаласындағы Ұлттық Ұлан әскери-музыкалық оркестрінің дирижері Баяубаев Самат Қайыргелдіұлын мектеп әкімшілігінің «Алғыс хатымен "марапаттады.
    Мерекелік жиынды Ақтау қаласындағы Ұлттық Ұлан әскери-музыкалық оркестрі әнұранмен бастап, түрлі жанрдағы музыкалық композицияларды шебер орындап, қатысушылардың ерекше ықыласына бөленді. Әсіресе оркестрдің дирижері Баяубаев Самат Қайыргелдіұлының шын ниетпен беріле, ерекше шабытпен қозғалтқан сиқырлы таяқшасының әрбір қимылы мен дене қозғалысының өзі музыка шашып тұрғандай әсер етті. Қатысушыларға да қатты әсер еткені сондай, - барлығы әр орындаудан соң орындарынан тұрып ду қол шапалақтап, құрмет көрсетті.
    Бұл бір есте қаларлықтай керемет шара болды. Осы мерекелік көңіл-күйді сыйлаған оркестрге, оны мектепке арнайы әкелген Қарақия ауданының Құрметті азаматы Б. Нысанбаевқа ерекше алғысымызды білдіреміз.

    06.05.2023
    0

    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру

    Аты – жөні

    Лауазымы

    1

    Абдуллаева Айсулу

    Кіші қызметкер

    2

    Абдуллаева Маржан

    Кіші қызметкер

    3

    Алдаш Жарасбай

    Разнорабочий

    4

    Бабаназарова Эльзахан

    ДШЖО

    5

    Балкиева Эльмира

    Вахтерша

    6

    Бердиева Галина

    Кіші қызметкер

    7

    Бекбауова Тойған

    Кіші қызметкер

    8

    Джалгасбаев Ибрагим

    Плотник

    9

    Джалгасбаева Жанар

    Лаборант

    10

    Доржигулова Динара

    Хатшы

    11

    Джумажанова Дильназ

    Есепші

    12

    Ерданова Жамиля

    Бас есепші

    13

    Еримбетова Дәмегуль

    Кіші қызметкер

    14

    Ережепова Сарагуль

    Кіші қызметкер

    15

    Конысова Онайгул

    Вахтерша

    16

    Қоңысова Асем

    Лаборант

    17

    Куланова Бибігүл

    Кіші қызметкер

    18

    Мушаханова Гулмира

    Кіші қызметкер

    19

    Мустафина Мирамгуль

    Кіші қызметкер

    21

    Нұржанова Жаным

    Аула сыпырушы

    22

    Сисембаева Кидир

    Кіші қызметкер

    23

    Сабрденова Мейрамгул

    Кіші қызметкер

    24

    Сисенова Гулжамал

    Кіші қызметкер

    25

    Сейтказиева Алмагул

    Лаборант

    26

    Тургалиева Бибигул

    Лаборант

    27

    Тукешова Алмагул

    Кіші қызметкер

    28

    Унайбаев Айхан

    Электрик

    29

    Упешов Елдос

    Сантехник

    30

    Утепова Жулдуз

    Іс жүргізуші

    31

    Қорабаева Жанар

    Кіші қызметкер

    32

    Ералиева Айнагүл

    Кіші қызметкер