1946 жылы 6-наурызда Гурьев облысы, Теңіз ауданы қазіргі Атырау облысы Құрманғазы ауданы Дашино селосында жұмысшы отбасында дүниеге келген. Орта мектепті бұрынғы Сталин кейіннен Зормата орта мектебінен бітіріп, Атырау педагогикалық институтына 1963 жылы түсіп, 1967 жылы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығымен тәмамдады. Сол жылы жолдамамен Жетібай кентіндегі №3 орта мектепке мұғалім болып келді. 1971 жылы Ералиев поселкесіндегі №1 орта мектепке ауысып, содан табан аудармастан мұғалім болып, зейнеткерлік жасына дейін осы ұжымда еңбек етті.
Мектепте драма үйірмесін басқарып, оқушыларға ұлттық тәрбие берудегі еліміздің, Маңғыстау облысының тарихын оқушыларға танытуда сіңірген еңбектері орасан зор болды. Драмалық қойылымдары аудан, облыс, республика көлемінде жоғары орындарға ие болып, еңбегі бағаланды.
Марапаттары:
Мектеп, АББ, Аудан, Облыс әкімдері және ҚР Білім министрлігі, ҚазССР оқу министрінің алғыс хаттарымен марапатталған.
1989 жылы «Еңбек ардагері» медалімен, 1990 жылы «Қазақ ССР оқу ісінің озық қызметкері төсбелгілерімен марапатталған.
«Ардақты ана», «Күміс алқа» ордендерінің иегері
Бүгінгі таңда зейнеткерлік жасқа шығып, бір әулеттің анасы, немерелерінің және бақытты шаңырақтың ақылшысы болып отыр.