29.08.24ж Конституция күніне орай, мектебімізде «Конституция – адам құқықтары мен бостандықтарының кепілі: Заң және Тәртіп» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Негізгі тақырып ретінде қоғам мен мемлекет өмірінде адалдық, әділдік және азаматтық белсенділіктің маңызын көрсететін «Адал азамат» принципі талқыланды.