«Ерлікке тағзым- мәңгілік парыз!»
Мектебімізде ел тәуелсіздігінің 33 жылдығы аясында «Ерлікке тағзым- мәңгілік парыз!» атты іс-шара өтті. Бұл шараға мектеп директоры Гүлмира Туралиева және Қарақия ауданы полиция бөлімі бастығының орынбасары полиция капитаны, Мустапаев Алібек Алламуратович сонымен қоса, ұстаздар мен оқушылар қатысты. Біз қай заман болмасын өткенімізді ұлықтап, бүгінгімізге ыждаһатпен қарап көңіл бөлген елдің ұрпағымыз. Тәуелсіз елдің тарихи тұғырнамасында қаншама асыл азаматтарымыз ел өркениеті мен тыныштығы жолында жанын пида етті. Солардың бірі ауданымыздың тума перзенті, адал қызметтік борышын орындау барысында қаза тапқан Серікжанұлы Ержан еді.

Бүгінгі кездесу де сол бір ардақты азаматымызға арналды. Біз қай күнде де, халықтың амандығын қорғау барысында жан қиған асыл азаматтың ерлігін ұмытпаймыз. Алып анадан туады– демекші осындай ұрпақ өсірген және бүгінгі жиынға қатысып отырған Ержанның анасы Сағира апайға зор денсаулық тілейміз– деді өз сөзінде мектеп директоры Гулмира Туралиева. Есіл азаматтардың ерлігін насихаттай отырып, сол арқылы ерлік пен патриотизмнің мәнін бүгінгі жас ұрпаққа үлгі ету мақсатындағы кездесуге марқұмның анасы Сағира апай да шақыртылған еді. Батырдың анасына арнап Елеусін Әлфараби айтқан ән көңілімізді жабырқатса да, ерлік жолындағы адал істің иесіне деген мақтаныш жанымызды сергітті. Шара соңында Сағира апайымыз да ұстаздар қауымы мен оқушыларға және мектеп басшылығына ризашылығын білдіріп, марқұм Ержан баласының жақсы көретін тәттілерін жас сақшыларға таратып, шараға қатысқан жас ұрпаққа ақыл, кеңесін берді. Заманымыздың артар жүгі ауыр болса да, қиындыққа мойымай, ақыл кеңесімен бөлісе жүретін асыл анаға біз де амандық тіледік. Барша ел ұрпағы аман, тәуелсіз елдің тұғыры биік болғай!
20.12.2024
0