"Буллингтен қорғану"
Қаңтар айының үшінші аптасы “Тәртіпсіз ел болмайды” дәйек сөзімен бастау алып, 8-9 сынып оқушыларына "Буллингтен қорғану" тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Мақсаты – оқушыларға буллингтің түрлері мен оның зардаптары туралы түсінік беру
Қаңтар айының үшінші аптасы “Тәртіпсіз ел болмайды” дәйек сөзімен бастау алып, 8-9 сынып оқушыларына "Буллингтен қорғану" тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Мақсаты – оқушыларға буллингтің түрлері мен оның зардаптары туралы түсінік беру, қысым көрсетуге қарсы тұру және өз құқықтарын қорғау жолдарын үйрету. Сабақ барысында буллингтің алдын алу әдістері, қауіпсіздік ережелері талқыланып, өмірлік мысалдар мен тәжірибелік тапсырмалар ұсынылды. Сынып сағаты оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және өзара қолдау мәдениетін қалыптастыруға бағытталды.
23.01.2025
0