“Жасөспірімдердің түсінік алу және ақпаратты қабылдау тәртібі”
Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жұмыс жоспарына сай 5-9 сынып ата-аналарына арналған “Жасөспірімдердің түсінік алу және ақпаратты қабылдау тәртібі” тақырыбында дәріс өтті. Дәрісті М. Чабаева, мен Б. Жакуов жүргізді.
Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жұмыс жоспарына сай 5-9 сынып ата-аналарына арналған “Жасөспірімдердің түсінік алу және ақпаратты қабылдау тәртібі” тақырыбында дәріс өтті. Дәрісті М. Чабаева, мен Б. Жакуов жүргізді. Дәріс барысында мектеп психологтары ата-аналарға жасөспірімдердің танымдық процестері, олардың жас ерекшеліктеріне байланысты ақпаратты қабылдау механизмдері туралы маңызды мәліметтер берді.
Сонымен қатар, дәріс интерактивті форматта өтіп, ата-аналарға арнайы ойындар ұйымдастырылды. Бұл ойындар ата-аналардың балаларына деген түсіністігін арттыруға, эмоционалдық байланыстарын нығайтуға бағытталды. Қатысушылар топтық тапсырмалар орындап, пікір алмасты.
Дәріс ата-аналар үшін пайдалы әрі қызықты өтті. Олар жасөспірімдердің ойлау және түсіну қабілеттерін дамыту жолдары туралы жаңа ақпарат алды. Сонымен қатар, мектеп психологтары: М. Оразалиева мен А.Наурызованың өткізген ойындары ата-аналар мен балалар арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға көмектесетін ата-аналар мен балалардың бір-біріне деген сенімін арттыруға, эмоционалдық байланысты күшейтуге, өзара түсіністікті жақсартуға бағытталды. Қатысушылар осындай кездесулердің маңыздылығын жоғары бағалап, болашақта жалғасын табуын қолдады.