2024 жылдың 26-қарашасы күні мектебімізде эстетика онкүндігі аясында «Еңбектің наны тәтті» атты 6-сынып қыз балалары арасында сыныптан тыс іс-шара ұйымдастырылды. Екі сыныптан құралған “Самға”, “Лашын, “Қарлығаш” топтары қатысты.
Іс-шараны көркем еңбек пәнінің мұғалімі:
А. Шанышбаева жүргізді.
Мақсаты – қыз балалардың еңбекке деген құрметін арттыру, ұлттық дәстүрлер мен отбасылық жауапкершілік туралы түсінік қалыптастыру, сондай-ақ балалардың ана мен отбасы алдындағы міндеттерін сезіндіру болды.