1952 жылдың 25 сәуірінде Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Құрық ауылында жұмысшы отбасында дүниеге келген. Ол №1 орта мектебінде орта білім алып, 1969 жылы табысты бітірді.
1970 жылдың мамыр айында әскери қызметке аттанады. Ресейдің Мурманск қаласындағы әскери-теңіз флотында 3 жыл бойы Отан алдындағы борышын абыроймен өтеді. Әскерден келген бойда №1 орта мектепке (ол кезде №4 орта мектеп болып аталатын) бастапқы әскери даярлық пәні мұғалімі болып жұмысқа қабылданды. Утеев Сәуірбайдың педагогтік қызметі міне осылай басталып кетті.
Утеев Сәуірбайдан тәлім-тәрбие алған шәкірттері қазір республикамыздың әр түпкірінде абыройлы қызмет етуде. Атап айтсақ: Түркменбай Сарин, Қажымұқан Қосыбаев, Нағашыбай Жариев, Жасұлан Дүйсеновтер бұл күндерде ұстазынан асып түсіп, полковник шенінде қызмет етсе, Самат Шегебаев, Темірхан Бекжанов, Тәжен Бектұрғанов, Ербол Қапсалиевтер майор шенінде қызмет етті. Сонымен қатар, жазушы-драматург Ермек Аманшаев, әнші-сазгер Ұлықпан Жолдасов, лауазымды қызметтер атқарған Жәлел Байтілеу, жастар ресурстық орталығының директоры Мейрамгүл Аманязова, аудандық «Нұр-Отан» ХДП төрағасының І орынбасары болған Амангелді Сарқұл т. б.
Утеев Сәуірбайдың оқытқан шәкірттері ішінде Бақыт Ибраев Маңғыстау аймақтық дене шынықтыру орталығының директоры, Дүйсенбай Атағараев аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің жетекшісі, Ербол Ордабаев аудандық БЖСМ директоры қызметтерін атқарады. Сонымен қатар, ардагер ұстаздың ізбасарлары да бар. Олар жоғары білімді ұстаздар Қонысбай Тілеуов, Ислам Маширов, Қайрат Мұратов т. б.
С. Утеев 2005-2006 жылдың желтоқсан айына дейін №1 орта мектебі директоры қызметін атқарды.
С. Утеев оқушыларға әскери-патриоттық және дене тәрбиесі пәндеріне сүйіспеншілікке тәрбиелеудегі жетістіктері үшін облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің, Қазақстан Республикасы «ДОСААФ» Орталық Комитетінің «Алғыс хаттарымен», Маңғыстау облысы дене тәрбиесі және спорт басқармасының, Маңғыстау аймақтық дене шынықтыру орталығының дипломдарымен, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Құрмет грамотасымен» және бірнеше медальдармен марапатталған.