Баршаңызды Ата Заңымыз – Конституция күнімен шын жүректен құттықтай отырып, зор денсаулық, еңбекте табыс, отбасыларыңызға бақыт тілейміз!
Конституция – егемен еліміздің мемлекеттілігін, тәуелсіздігін, демократиялық құндылықтарын айғақтайтын басты құжат. Уақыт сынынан сүрінбеген Ата Заңымыз бүгінде азаматтардың өзара бітімде өмір сүруіне жағдай туғызып отыр. Конституцияның негізгі тірегі – халық бірлігі, қоғамдық және рухани келісім, саяси тұрақтылық секілді ерекше құндылықтарды құрайды.
Мемлекет пен қоғамның орнықты дамуына жол ашқан Конституция экономикалық өрлеу мен азаматтардың әл-ауқатының артуын қамтамасыз етіп келеді. Ата Заңда көрсетілген қағидалардың салтанат құруы бұл ішкі тұрақтылықтың кепілі. Заңдылықты бұлжытпай орындау, сақтай білу жауапкершілігі арқылы біз еліміздің тұрақты дамуын қамтамасыз ете аламыз.
Бүгінгі таңда Конституция негізінде елімізде жаңа құқықтық жүйе қалыптасуда. Қабылданған заңдар қоғамдық қатынастардың негізгі жақтарын реттеп, еліміздің әлемдік деңгейдегі орнын жоғарылатуда.