«Менің білімім – менің талантым, ел болашағының үстемдігі»
🌟 «Менің білімім – менің талантым, ел болашағының үстемдігі» 11 желтоқсан күні «Менің білімім – менің талантым, ел болашағының үстемдігі» тақырыбында тағылымды кездесу өтті. Кездесуге мектебіміздің түлектері, қазіргі таңда өз саласында табысты еңбек етіп жүрген математика пәні мұғалімі Гүлнұр Үмбетқалиева және тарих пәні мұғалімі Р. Турниязов қатысты. 📘 Қонақтар оқушыларға өз мамандықтарын таңдаудағы жолы, кәсіби жетістіктері мен өмірлік тәжірибелері туралы әсерлі әңгіме өрбітті.
🌟 «Менің білімім – менің талантым, ел болашағының үстемдігі» 11 желтоқсан күні «Менің білімім – менің талантым, ел болашағының үстемдігі» тақырыбында тағылымды кездесу өтті. Кездесуге мектебіміздің түлектері, қазіргі таңда өз саласында табысты еңбек етіп жүрген математика пәні мұғалімі Гүлнұр Үмбетқалиева және тарих пәні мұғалімі Р. Турниязов қатысты. 📘 Қонақтар оқушыларға өз мамандықтарын таңдаудағы жолы, кәсіби жетістіктері мен өмірлік тәжірибелері туралы әсерлі әңгіме өрбітті. Білім мен еңбектің адам өміріндегі маңызы, ұстаз мамандығының жауапкершілігі жайлы құнды ойларымен бөлісті. Кездесу барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан нақты әрі пайдалы жауаптар алды. Бұл шара оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттырып, болашақ мамандық таңдауда мотивация берді. ✨ Осындай мазмұнды кездесулер жас ұрпақтың таланты мен білімін дамытуға, ел болашағына сенімді қадам жасауына ықпал етеді.
25.12.2025
0